«Қайрат» АФК капитаны Игита алматылық клубпен қоштасып, осы жазда басқа командаға ауысады.
Күні кеше Игитаның «Қайраттан» кетуіне байланысты қоштасу ойыны өтті. Аты аңызға айналған қақпашы алматылық клубтан 14 маусымнан кейін кетеді. «Қайрат» құрамында ол екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, сонымен қатар бес рет әлемнің үздік қақпашысы деп танылды.
Игита Қазақстан чемпионы атанған «Семей» МФК сапына ауысады деп күтілуде. Алайда, тәжірибелі қақпашының мансабын қайда жалғастыратыны туралы соңғы шешімі әлі белгісіз.
Дегенмен, «Қайрат» Игитаның орнын басатын қақпашыны тауып үлгерді. «Атыраудың» жас қақпашысы Ерасыл Шарапиденов жақын арада клубқа ауысады. Әрине, ол Игитаны тікелей алмастырушы ретінде қабылданбайды. Бірақ әлеуеті мықты және болашағынан зор үміт күттіретін қақпашы ретінде командаға қосылады.
Қазіргі уақытта «Қайрат» сапында Игита кеткеннен кейін негізгі қақпашы бола алатын бразилиялық Деннис пен Қазақстан құрамасының ойыншысы Нарун Серіков бар.