Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Грузия Еуропа чемпионаты тарихында алғаш рет ұпай еншіледі

Грузия мен Чехия құрамалары Еуро-2024 додасының топтық кезеңінің екінші турындағы ойынын өткізді. Гамбургтегі «Фолькспаркштадионда» өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Алғашқы гол 23-минутта соғылды. Адам Глозек Горгий Мамардашвилиден айласын асырды. Алайда ереже бұзылғандықтан, германиялық төреші Даниэль Зиберт  голды есепке алмады.

Бұған грузиндер бірінші таймға қосылған төртінші минутта Жорж Микаутадзенің соққан голымен жауап берді. Чех қорғаушысы Ладислав Кречидің өз айып алаңында байқаусызда допқа қолы тиіп, Микаутадзе пенальтиден мүлт кетпеді. Алайда чехтар 59-минутта есепті теңестіре алды. Патрик Шик бұрыштама добынан кейін гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші турда Чехия құрамасы Португалия құрамасынан 1:2, ал Грузия Түркиядан 1:3 есебімен ұтылды. Келесі турда чехтар Түркиямен, ал Грузия Португалиямен ойнайды. Екі кездесу де маусымның 26-сынан 27-сіне қараған түні өтеді

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz