Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Путинцева Birmingham classic турнирінің жартылай финалына шықты

Бирмингемде (Ұлыбритания) шөп төсенішті корттарда өтіп жатқан Birmingham classic WTA 250 турнирде 1/4 финалдық кездесуде әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева америкалық Кэролайн Доулхайдты 6:3, 6:7 (2:7), 6:1 есебімен ұтты.

Бірінші сет қазақстандық теннисшінің еншісінде – 6:3. Екінші сетте Путинцева 5:3 есебімен алға шықты. бірақ кейін тайбрейкте жеңіліп қалды — 6:7 (2). Үшінші сетте Юлия қайта басымдықты қолға алып, сенімді жеңіске жетті – 6:1. Теннисшілер кортта 2 сағат 13 минут уақыт өткізді. Қазақстандық 2 эйс жасап, 2 қосарлы қателік, америкалық 4 қосарлы қателік жіберді.

Жартылай финалда Юлия италиялық Элизабетт Коччареттомен кездеседі. Ойын ертең, 22 маусымда Бирмингемдегі орталық кортта өтеді.

Сонымен қатар Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан  WTA 500 турнирінде өнер көрсетіп жатқан. Өкінішке қарай ¼ финалда қазақстандық теннисші Виктория Азаренкоға қарсы ойынды жалғастырудан бас тартты. Кездесу 28 минутқа созылып, Рыбакина денсаулығына байланысты одан әрі матчты жалғастыра алмады. Ол кезде есеп Беларусь теннисшісінің пайдасына 3:1 болған еді. Келесі кезеңде Азаренко Соболенко-Калинская арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz