WTA рейтингінде 41-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемде өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына шықты.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші италиялық Элизабетт Коччареттоны (№44) бір сағат 25 минутта 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Путинцеваның финалдағы қарсыласы ресейлік Анастасия Потапова (№36) мен аустралиялық Айла Томлянович (№190) арасындағы кездесудің жеңімпазы Томляновичпен кездеседі.
Путинцева Бирмингемдегі WTA турнирінің финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды. Финалға шыққаны үшін Юлия 20 830 доллар, ал финалда жеңіске жеткен жағдайда 35 250 доллар сыйақы алады. Жалпы турнирдің жүлде қоры 267 000 долларды құрайды. Шөп төсенішті корт ең қымбат және ыңғайсыз болып саналады. Сондықтан теннисшілер жаздың басында бес апта ғана шөпте ойнайды. Ал осы төсеніште өтетін күнтізбедегі жалғыз үлкен турнир Уимблдон екенін де айта кетейік.