Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Швейцария құрамасы Еуропа чемпиондарын аямады

Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында Швейцария мен Италия құрамалары кездесті. Турнирдің плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч Берлиндегі «Олимпиаштадионда» өтті.

Бұл кездесуде 37-минутта швейцариялық футболшы Ремо Фрейлер айып алаңына еніп, Джанлуиджи Доннарумма бастаған италиялық қорғанысты бұзып, есеп ашты.

Екінші тайм бастала салысымен Мұрат Якин шәкірттері есепті еселей түсті. 46-минутта Рубен Варгас әдемі гол соқты. Нәтижесінде матч 2:0 есебімен швейцариялықтардың жеңісімен аяқталды. Осылайша, ширек финалда Швейцария Англия – Словакия арасындағы текетірестің жеңімпазымен сынға түседі. Олар ертең, 30 маусымда Гельзенкирхенде кездеседі.

Айта кетейік, матчтың үздік ойыншысы болып Рубен Варгас танылды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz