Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан әйелдер құрамасы Румынияға есе жіберді

Румыния футболшылары Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз үш гол соғып, жеңіске жетті.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Румыниядан жеңіліс тапты. Алматыда Орталық стадионда өткен кездесу 3:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Жеңімпаз команда сапынан Кристина Карп (17-минут), Флорентина Олар (40-минут) және Ольга Иордакьюзи (60-минут) гол соқты.

Турнирдегі С4 тобындағы жағдай келесідей: Румыния (бес ойыннан кейін 15 ұпай), Армения (төрт ойыннан кейін 6 ұпай), Болгария (төрт ойыннан кейін 3 ұпай) және Қазақстан (бес ойыннан кейін 3 ұпай).

Мадияр Кембілов шәкірттері келесі кездесуін 16 шілдеде сырт алаңда Болгарияға қарсы, София қаласындағы «Славия» стадионында  өткізеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz