Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстандық теннисшілер «Уимблдон» турнирінде қанша табыс тапты?

«Уимблдон 2024» жалғасуда. Ең қызығы алда – әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сында финалдар қалды. Ерлер арасында финалда Джокович «Үлкен дулыға» турниріндегі жекелей сында 25-ші жеңісі үшін таласады. Оның қарсыласы испаниялық Карлос Алькарас болмақ.

Әйелдер арасында финалда бүгін, Астана уақыты бойынша 18:00-де чехиялық Барбора Крейчикова мен Жасмин Паолине чемпиондық атақты сарапқа салады.

Қазақстандық теннисшілер үшін жарыс ресми түрде аяқталды. Ал біз спортшыларымыздың осы «Уимблдонда» жалпы қанша табыс тапқанын есептеп көрейік. Турнирге жекелей және жұптық сында, оның ішінде іріктеу сынында Қазақстаннан 11 теннисші қатысты. Олардың барлығы ақшалай сыйақы алуға құқылы. Жасөспірімдер де жақсы өнер көрсетті. Бірақ, оларға ақшалай сыйақы берілмейді.

Ең қомақты жүлдені жекелей сында жартылай финалға шыққан Елена Рыбакина иеленді. Ол 715 мың фунт стерлинг (440 миллион теңге) алуға құқылы.

Жекелей сында төртінші айналымға дейін жетіп, жұптық сында бірінші айналымда сәтсіз  өнер көрсеткен Юлия Путинцеваға барлығы 233,8 мың фунт стерлинг (143,9 миллион теңге) табыс тапты.

Үздік үштікті Александр Бублик түйіндеп тұр. Ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетіп, жұптық сайыстың бірінші кезеңінде жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде жалпы есепте 150,8 мың фунт стерлинг (92,8 миллион теңге) сыйақы алады.

Бірінші айналымда жекелей де, жұптық сайыста да жарыстан шығып қалған Александр Шевченко 67,8 мың фунт стерлинг (41,7 миллион теңге), іріктеу финалында жарыс жолынан шығып қалған Зарина Дияс, Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Бейбіт Жуқаев және Тимофей Скатовтың әрқайсысы 40 мың фунт стерлингті (24,6 миллион теңге) табысқа кенелді.

Анна Данилина тек жұптық сында ойнап, екінші айналымға шықты. Осылайша ол ұйымдастырушылардан 12,5 мың фунт стерлинг (7,6 миллион теңге) алуға құқығы бар. Жұптық сайыстың бірінші айналымында жеңіліп қалған Александр Недовесов 7,8 мың фунт стерлинг (4,8 миллион теңге) алады.

Қазақстандық теннисшілер барлығы 1,38 миллион фунт стерлинг (854,25 миллион теңге) табыс тапқан екен. Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 миллион фунт стерлингті (30,7 миллиард теңге) құрайды. Осылайша жалпы жүлде қорының 2,76 пайызын қазақстанды теннисшілер алған екен.

Барлық есептеулер фунт стерлингтің теңгеге бағамы бойынша жүргізілгенін айта кетейік. Сондай-ақ, аталған сомалар салықтар мен басқа да төлемдерді қамтиды. Сондықтан бұл қаражат спортшылардың уысына түскенше біраз азаяды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz