Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Қайсар» мінез көрсетті

Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясындағы кездесуін «Жетісуға» қарсы өткізді. Өткен аптада ғана командалар жаңа турнирде кездесіп, қарағандылықтар күтпеген жерден жеңіп кеткен еді. Бұл матч та «Шахтер» үшін өте маңызды. Турнир кестесінің көш соңында қалған алаң иелері тұйықтан шығу үшін барынша көп ұпай алуға тырысады деп күткен едік. Алайда, Қарағандыда өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Командаларда бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер болды. Дегенмен, бұл матчта гол көре алмадық. Осылайша 17 ұпай жинаған «Жетісу» турнирлік кестеде алтыншы орында тұрған «Атырауды» басып озды. «Шахтердің» сегіз ұпайы бар және ҚПЛ-2024 кестесінде соңғы орында тұр.

14-турдағы орталық матч «Қайсар» мен «Елімай» командалары арасында өтті. Маусым басында «Елімай» өте жақсы қарқында бастап, жүлдегерлерге үмітті клубтардың қатарында болып еді. Алайда бірінші айналымның соңындағы бірнеше тең ойындар көшбасшылардан араны ұзартып жіберді.

Қызылордада өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қонақтар 13-минутта Алекс Дос Сантостың голынан кейін алға шықты. Алаң иелері 56-минутта Айбар Жақсылықовтың голының арқасында есепті теңестірді.

Тоқтар Жаңғылышбай алаңнан қуылғаннан кейін «Қайсар» 61-минутта 10 ойыншымен қалды. Осы жағдайларға қарамастан қызылордалық команда қосымша уақытта жеңісті жұлып әкетті. 95-минутта «Қайсар» қарымта шабуыл ұйымдастырып, Горан Милойко ойынның нүктесін қойды. Осылайша, «Қайсар» 19 ұпай жинап, сегізінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. «Елімай» 19 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

 

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz