Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Жәнібек Әлімханұлының титулдарына қауіп төніп тұр

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) титулдық жекпе-жек өтпей қалған соң әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) ресми хат жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілде күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық титулды жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы (21-0, 13 КО) жекпе-жегінде қорғауы тиіс болатын. Алайда қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жек қарсаңында салмақ қуалаймын деп ауруханаға түскен. Нәтижесінде жекпе-жек тоқтатылды.

WBO хатта Әлімханұлының тарапынан он күн ішінде оның жағдайы туралы толық медициналық түсініктеме беруді сұрады. Яғни оның қазіргі жағдайы туралы медициналық түсініктеме, қайта қалпына келуі және Жәнібектің рингтегі жаттығулар мен жекпе-жегін қайта бастауға физикалық және медициналық тұрғыдан қашан дайын болатыны туралы емдеуші дәрігерінің пікірі болуы керек.

«Бұйрықты орындамаған жағдайда Әлімханұлының осы келісім бойынша барлық құқықтарынан бас тартуына әкеледі және комитет WBO ережелеріне сәйкес әрекет етеді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар боксшының өзі жекпе-жектің өтпей қалғанына қатысты пікір білдірді.

«Қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет. Менде бәрі жақсы. Бір-екі аптада қалпыма келіп, қайта ораламын! Және маңызды жаңалық — мен орта салмақта қаламын. Мұнда менің бітпеген істерім бар!

Адамес және Лара қуануға асықпаңдар. Мен орта салмақта айқасып, барлық төрт белбеуді аламын.  Менде салмақпен қиындықтар туғанда, орта дивизионда барлық боксшылар жиналып, тойлағанын естідім. Мерекелеріңнің шырқын бұзғаныма ренжімеңдер. Патша оралады және орта дивизионға әмірін жүргізеді», — деп жазды Жәнібек твиттер желісінде.

Айта кетейік, жекпе-жек тоқтатылғаннан кейін Михайловичтің командасы Жәнібекті чемпиондық атақтан айыруды және жаңазеландиялықтың алдағы бірнеше ай ішінде бос титул үшін жекпе-жек өткізуін қамтамасыз етуді талап ететінін мәлімдеген.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz