Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстандық жас теннисші Польшадағы турнирдің чемпионы атанды

Польшаның Краков қаласында теннистен жасөспірімдер арасында ITF J100 турнирі аяқталды. Қазақстандық Дамир Жалғасбай жекелей сында үздік шықты. Бұл туралы теннис федерациясының баспасөз қызметі жариялады. Дамир финалда мажарстандық  Колос Кинчесті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, чемпион атанды. Бұл – оның спорттық жолындағы екінші, биылғы маусымдағы  бірінші титулы.

Сондай-ақ 12 және 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe және ATF жарыстарында да қазақстандық жасөспірімдер жақсы табысқа қол жеткізді.

Черногорияда екінші санаттағы ТЕ додасында жұптық сында Айым Қанағатова румыниялық Мария Чичумен бірге соңғы бәсекеде Кристина Шегай (Қазақстан) – Висня Митичті (Сербия) тізе бүктірді – 6:2, 6:2.

Баку қаласында АТF жарысында қазақстандықтар озық шықты. Финалда жекелей сында қыздар арасында Алиса Королева үндістандық Яхнави Таменедиді жеңді – 6:1, 2:6, 6:3. Асқар Әмір жекелей сында чемпиондық атақ үшін бәсекеде тағы бір үндістандық Пунит Монохарға есе жіберді – 6:7, 1:6. Дегенмен Асқар жұптық сында сол Пунитпен бірге финалда Сухаль Фарухи (Иордания) – Ахмад Саруджиді (Сауд Арабиясы) ойсырата ұтты – 6:1, 6:1.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz