Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина мен Путинцева екінші айналымдағы кездесулерін өткізеді

US Open 2024 турнирінің үш ойын күнінен кейін жекелей сында Қазақстанныңтек екі өкілі – Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева турнирдің негізгі жеребесіне қалды. Ерлер арасындағы сайыста үш қазақстандық жарыстан шығып қалды. Енді барлық үміт тек әйелдер арасындағы отандық теннис көшбасшыларында.

25 жастағы Рыбакина мен 29 жастағы Путинцева бүгін Нью-Йоркте (АҚШ) екінші кездесулерін өткізеді. Елена франциялық Джессика Поншемен, ал Юлия қытайлық Синью Ванмен кездеседі.

Путинцева мен Ван Grandstand  аренасында ойнайды. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де басталады. Рыбакина мен Понше 17-кортта шамамен сағат 01:15-те шығады.

Бүгінгі матчтар туралы айтатын болсақ, онда Елена Поншені еш қиындықсыз жеңіуі керек. Француз теннисшісі мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіне қатысып, бірден екінші айналымға өтті.

Сондай-ақ бүгін Путинцева Вангқа қарсы ойнайды, ол үш кездесуде де жеңілді. Ал келесі турда өте жемісті маусым өткізіп жатқан италиялық Жасмин Паолинимен кездесуі мүмкін.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz