Өскеменде хоккейден Қазақстан кубогы аяқталды. Өткен маусымның рейтингі бойынша Pro Hokei Ligasy-ның екі топқа бөлінген он командасы жүлдеге таласты.
Алдын ала кезең кездесулері 23-28 тамыз аралығында өтті. Одан әрі плей-офф аясында жартылай финал (топ жеңімпаздары параллель топта екінші орын алған командалармен ойнады) және финал өтті. Финалдық кездесулер 31 тамыз бен 1 қыркүйекте Өскеменде ұйымдастырылды.
Көкшетаудың «Арлан» командасы мен Рудный қаласының «Горняк» командалары жүлдені сарапқа салды. Қос команда бұған дейін өз тарихында екі рет кубокты жеңіп алған — Көкшетау командасы 2012 және 2013 жылдары, Рудный командасы 2010 және 2015 жылдары.
Еліміздің қазіргі чемпионы «Арлан» құрамы айтарлықтай жаңартылғанына қарамастан, Кубокты жеңіп, турнирдің финалында мықты позицияда өнер көрсетті. Қақпаға бағытталған 24 соққының 23-ін қайтарған көкшетаулық көшбасшылардың, сондай-ақ қақпашы Сергей Кудрявцевтің шеберлігі ойында шешуші рөл атқарды.
Осылайша, «Арлан» өз тарихында үшінші рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ал көкшетаулық команданың бапкері Владимир Маркелов үшін бұл жүлде оның бас бапкер ретіндегі алғашқы жүлдесі.
«Арлан» — «Горняк» 3:1 (1:0, 2:0, 0:1)
1:0 — 14:59 — Никулин (Чапоров)
2:0 — 27:24 — Санников (Архипов)
3:0 — 38:24 — Парамонов (Санников, Хорошев)
3:1 — 44:29 — Юлбарисов (Абдуллаев, Степанов)
Қақпашылар: Кудрявцев — Нурек