Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Әлемнің ең үздік теннисшілері Алматыда сынға түседі

Алматы қаласында 2024 жылы 13-20 қазанда алғаш рет өтетін ATP 250 турниріне қатысатын ТОП ойыншылардың тізімі анықталды.

Тізім көшін 2023 жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің финалисі, америкалық Себастьян Корда (15 ATP), америкалық Фрэнсис Тиафо (16 ATP), Чили өкілі Алехандро Табило (22 АТР), ресейлік Карен Хачанов (23 ATP), франциялық Артур Фис (25 ATP) және қазақстандық Александр Бублик бастады. Бұл туралы еліміздің теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанның оңтүстік астанасында сондай-ақ италиялық Флавио Каболли (32 ATP), чехиялық Томас Махач (35 ATP), өткен жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің чемпионы, франциялық Адриан Маннарино (46 ATP), мажарстандық Фабиан Марожан (49 ATP), әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини және басқалар ойнайды.

Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бубликтен басқа беделді жарыста  Александр Шевченко, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Денис Евсеев, жұптық сында Александр Недовесов қорғайды.

«Біз биыл жиналған құрамға өте ризамыз, өйткені олар — осы маусымда өздерін жақсы көрсеткен мықты теннисшілер. Биыл ТОП ойыншыларды шақыру өте қиынға түсті. Себебі Синнер, Алькарас, Джокович, Медведев және Надаль сияқты алғашқы алтылыққа кіретін ойыншылар Сауд Арабиясында болатын көрме турнирде өнер көрсетеді. Олар онда өте көп табыс табады, теннисшілер кепілдіктерін қосқанда, Сауд турнирінің жалпы жүлде қоры 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Әрине, біз ойыншылар тарту үшін мұндай көлемдегі қаржыны жұмсамаймыз. Өйткені біздегі басты басымдық қазақстандық жасөспірімдерді дамытуға қатысты», деді Қазақстан теннис федерациясының ресми өкілі Юрий Польский.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz