Сәрсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында екі кездесу өтті.«Номад» чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, «Арлан» қатарынан үшінші кездесуінде қарсыласын тізе бүктірді.
«Арлан» жеңісті сериясын жалғастыруда. Чемпионат басталғалы Владимир Маркелов шәкірттері қатарынан үшінші мәрте қарсыластарын тізе бүктірді. Жеңісті голдың авторы Федор Хорошев болса, Владимир Волков командаластарына үш нәтижелі пас шығарды.
«Арлан» — «Алматы» 5:2 (0:1, 3:0, 2:1)
0:1 — 09:03 — Кожевников
1:1 — 23:07 — Михайлов (Никулин, Волков) ГБ
2:1 — 30:30 — Пиниди (Тарасенко)
3:1 — 31:24 — Хорошев (Волков)
4:1 — 45:56 — Парамонов (Хорошев)
4:2 — 56:01 — Бурделёв (Тунхузин)
5:2 — 58:47 — Никулин (Боровков, Волков)
Қақпашылар: Кудрявцев – Осокин
Ал «Номад» Көкшетауға сәтсіз сапардан кейін, кезекті ойында төрт рет шабуыл ұйымдастырды. Бұл маусымдағы алғашқы матчта жеңіске жету үшін жеткілікті болды. «Көшпенділердің» жаңа ойыншысы Матвей Носов дубль авторы атанса, Данил Бутенко мен Олег Бойко тағы бір-бір гол соқты. Михаил Рахманов екі нәтижелі пас шығарды. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері үшін бұл таяуда ғана басталған чемпионаттағы алғашқы жетістік.
«Номад» — «Бейбарыс» 4:2 (2:0, 0:2, 2:0)
1:0 — 03:44 — Бутенко (Рахманов, Никитин)
2:0 — 14:07 — Носов (Колесников, Зеленин)
2:1 — 32:14 — Асуханов (Федоров, Ямалов)
2:2 — 33:00 — Свинцицкий (Клочков, Мурзин)
3:2 — 48:38 — Носов (Сулейменов, Рунов)
4:2 — 59:40 — Бойко (Рахманов, Логвин)
Қақпашылар: Калмыков — Шефер