Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Бокстан Әлем чемпионаты Ливерпульде өтеді

Ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатын  Ливерпуль (Англия) қабылдайтын болды.

2025 жылдың 4-14 қыркүйегінде M&S Bank Arena-да өтетін чемпионат боксты Олимпиадада сақтау үшін құрылған жаңа халықаралық федерация World Boxing ұйымдастырған бірінші жаһандық элиталық турнир болмақ. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесінде өтеді. Нақты салмақ санаттары 2024 жылдың қарашасында өтетін конгресстен кейін нақтыланады.

Естеріңізге сала кетейік, World Boxing 2023 жылдың сәуірінен бастап жұмыс жасайды. Ұйым Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) мойындауына қол жеткізгісі келеді. Бірақ, ол үшін ХОК-тың ХБА-мен (Халықаралық бокс қауымдастығы) арбитраждық талқылауы аяқталғанша күту керек.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың маусымында ХОК басқару, қаржы және этика салаларындағы реформаларды жүзеге асырмағаны үшін ХБА-ны мойындаудан бас тартты. Бұрын AIBA деп аталған ұйым 2019 жылдан бастап Олимпиада ойындарында бокстан турнирлер ұйымдастыруды тоқтатты. Ал IBA-ға балама ретінде құрылған Бүкіләлемдік бокс ұйымына бірқатар ұлттық бокс федерациялары енді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz