Астанадағы «Дәулет» теннис орталығында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Ерлер арасындағы финалда Григорий Ломакин мен Ілияс Маратұлы финалда кездесті. Екі сетте жеңіс Теміртау теннис мектебінің өкілі Ломакинге бұйырды – 7:6 (7:0), 6:1. Виталий Зацепин чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасында Сандуғаш Кенжібаева финалда Альбина Кәкенованы 6:1, 6:1 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионатында алтынға қол жеткізді. Асылжан Арыстанбекова қола жүлдегер атанды.
Ал жұптық сындағы жүлделерді келесі спортшылар иеленді:
Ерлер:
1 орын – Григорий Ломаки/Виталий Зацепин;
2 орын – Ілияс Маратұлы/Ерасыл Ерділда;
3 орын — Данир Қалдыбеков/Ерасыл Мұрат
Әйелдер:
1 орын – Асылжан Арыстанбекова/Мария Синицына;
2 орын – Сағандықова Аружан/Сандуғаш Кенжибаева;
3 орын – Ариана Гогулина/Альбина Какенова