Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«ALAÑ» жобасы аясында тағы бір стадион жөндеуден өтті

Ауқымды модернизация жұмыстары Аягөз орталық стадионында өз мәресіне жетті. Бүгін италиялық сападағы халықаралық талаптарға сай жаңа футбол алаңының тұсауы кесілді.

Салтанатты іс-шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев пен ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қатысты. Жергілікті тұрғындар нағыз футбол мерекесінің куәгері болды, ал жобаның амбассадоры және ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов балаларға ашық жаттығу өткізіп, қолтаңбалар мен сыйлықтар берді. Сондай-ақ, Аягөз бен Семей командаларының жас тәрбиеленушілері арасында жолдастық ойын ұйымдастырылды. Айта кетейік, жаңа футбол алаңында Аягөз спорт мектебінің 300-ден астам жас футболшылары жаттығады.

«Біздің мақсатымыз стадионда тек алаңды жаңғырту емес, сонымен қатар бұл жерде ауқымды жарыстарды өткізу. Бастысы — бұқаралық спорт халыққа қолжетімді болу керек. Біз бірінші кезекте моноқалалардағы спорттық инфрақұрылымды жақсартуды көздейміз. Аягөз – таланттар мекені және осы өңірден болашақта танымал қазақстандық футболшылар болатынына сенімдімін», — деді ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов.

Жалпы ALAÑ жобасы бойынша 2023-2025 жылдары республикамыздағы 20 футбол алаңын жаңарту жоспарда бар. Бұған дейін елімізде Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Петропавл қалалалары мен Жетісу облысындағы алаңдар қолданысқа берілген болатын. Келесі алаңның ашылуы 26 қыркүйек күні Өскемендегі «Восток» cтадионында жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz