«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян ішкі чемпионат, сондай-ақ логистикадағы қаржылық қиындықтар туралы айтты.
«Қазір маңызды ойындар өтіп жатыр. Сондықтан біз Қарағандыда өтетін «Жеңіске» қарсы ойынға дайындалып жатырмыз. Чемпионат қарашаның басында аяқталады, ал еурокубоктар желтоқсанның ортасында бірақ аяқталады. Қазір қолайлы жағдайдамыз, алайда қаржылай қиындықтарға байланысты сырт алаңдағы матчтарға чартерлік рейстермен ұшудың мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты біраз қиындықтар бар. Осыған дейін Стамбулға дейін жетіп, ары қарай мүмкіндігінше чартерлік рейспен ұшып жүрдік. Бұлай істеу ыңғайсыз, бірақ амал жоқ», — деді Григорий Бабаян.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» Лига кубогының 1/2 финалында «Елімайды» пенальти сериясында жеңген болатын. Финалда елордалықтар «Жеңіспен» ойнайды.
Жалпы «Астана» Еурокубок аясында «Бачки Топола» (Сербия), ТНС (Уэльс), «Витория» (Португалия), «Челси» (Англия) және кипрлік АПОЭЛ мен «Пафосқа» қарсы ойнайды.