Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Бакуде өтетін турнирге қатысады.

28 қыркүйекте Бакуде қазақстандық спортшылардың қатысуымен кәсіпқой бокстан кезекті «Night of IBA Champions» турнирі өтеді. Андеркардта Нұртас Әжбенов пен Нұрсұлтан Аманжолов жұдырықтасады. Әжбенов ресейлік Габил Мамедовпен (63,5 келі) 6 раундтық жекпе-жек өткізсе ал Аманжоловтың қарсыласы әуесқойлар арасында үш дүркін әлем чемпионы әзербайжандық Магомедрасул Маджидов (+92 келі).

Әжбенов үшін бұл кәсіпқой деңгейдегі 15-ші жекпе-жек. Ол 14 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бір мәрте жеңіліс тапты. Аманжолов жеті жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіліс тапты. 2024 жылдың сәуірінде IBA Night of Champions турнирінде Аманжолов ресейлік Бекхан Исраиловқа есе жіберді.

Аманжоловтың қарсыласы Меджидов үш кәсіпқой жекпе-жекте жеңіске жетіп, тсоңғы рет рингке 2021 жылы шыққан.

Негізгі кардта кубалық Ленар Перес пен венесуэлалық Росмен Брито (90,7 келі) WBA нұсқасы бойынша «Америка чемпионы» титулын сарапқа салады. Сондай-ақ IBA әлем чемпионы атағы үшін екі жекпе-жек өтеді. 57 келіде ресейлік Всеволод Шумков Өзбекстан өкілі Миразизбек Мирзахалиловпен, ал 92 келіден жоғары салмақта әзербайжандық Магомед Абдуллаевпен колумбиялық Кристиан Салседо жұдырықтасады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz