Жапонияның Осака қаласында J 500 бірінші санатты жасөспірімдер арасындағы беделді турнир жалғасуда. ITF жасөспірімдер рейтингінің 15-ші әлем ракеткасы Әмір Омарханов үшінші айналымда Ресей өкілі Егор Плешивцевті (95 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 7:5 есебімен ұтты. Қазақстандық ширек финалда колумбиялық Мигель Табонмен (20 ITF Juniors) ойнайды.
Ал Бейжіңде (Қытай) WTA-1000 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс негізгі кезеңде бірінші айналымдағы кездесуін өткізді. Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы Зарина таиландтық Мананчай Савангкаевтан (187 WTA) 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 3 минутты құрады. Савангкаев China Open турнирінің үшінші кезеңіне шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы беларусь Арина Соблленкаомен ойнайды.
Дүниежүзілік рейтингте 571-орында тұрған Зарина Дияс іріктеу арқылы Бейжіңдегі турнирдің негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінде ол өзінен біршама жоғары тұрған мықты қарсыластарын ұтты. Алғашқы ойында Зарина испаниялық Ребекка Машарованы (119 WTA) сенімді түрде жеңді – 6:4, 6:0. Ал іріктеу финалында Дияс Ұлыбритания өкілі Хизер Уотсонды (160 WTA) 6:0, 6:2 есебімен ұтты.