Жаңа бас бапкер Вячеслав Буцаевтың жетекшілігімен өткен алғашқы ойында «Барыс» «Сочимен» кездесті. Алаңға бұл жолы елордалық команда сапынан Дінмұхамед Қайыржан мен Аңсар Шайхмедденов шықты. Никита Бояркин алғашқы минуттардан қақпадан орын алды.
Айдын иелері бірінші кезеңді жақсы бастап, кезең ортасында «Сочи» қақпасын дәл көздеді. Әлихан Өмірбеков Уэйд Эллисонға нәтижелі пас шығарды. Екінші жиырма минутта Самат Данияр мен Чейс ДеЛео тамаша мүмкіндіктерге ие болды. Бірақ екеуі де қақпа бағанасына соқты. Қонақтар қарсы шабуылдарымен жауап берді.
Соңғы үшінші кезең Сергей Зубовтың командасы үшін ойын басымдығымен өтті. Бірақ қазақстандықтар жеңілістен аман қалып, биылғы маусымның негізгі уақытында өз айдынындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
28 қыркүйекте Буцаев шәкірттері өз алаңында «Витязды» қабылдайды.
«Барыс» — «Сочи» 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)
1:0 – 10:10 – Эллисон (Өмірбеков)
Қақпашылар: Бояркин – Иванов