Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Өскемен қаласында жасыл алаң жөндеуден кейін қолданысқа берілді

Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» жобасының жүзеге асырылуын жалғастыруда. Ауқымды модернизация жұмыстары Өскемендегі «Восток» стадионының қосалқы алаңында өз мәресіне жетті. «Алтай» футбол клубының 500-ге жуық тәрбиеленушілері жаттығу өткізетін спорт нысанында италиялық сападағы халықаралық талаптарға сай жаңа футбол алаңының тұсауы кесілді.

Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қатысты. Ал жобаның амбассадоры және ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов балаларға ашық жаттығу өткізіп, қолтаңбалар мен сыйлықтар берді. Сондай-ақ, жаңа алаңда  QFL Бірінші лигасының 26-шы туры аясындағы «Түркістан» мен «Алтай» ойыны өткізілді. Матч 1:3 есебімен аяқталды.

«Бұл жас футболшыларға керемет мүмкіндік. Аталмыш жоба біздің өңірдегі футболдың дамуындағы жаңа қадам. Жаңартылған алаңда тек мектеп оқушылары ғана емес, сондай-ақ кәсіпқой футбол клубтары ойнай алады. Біз облыстық чемпионат ұйымдастыруды ойлап жүрдік. Осы орайда, ҚФФ пен Әділет Назарбайұлына «ALAÑ» жобасының жүзеге асырылуына алғыс айтамыз» — деді ШҚО облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Жалпы ALAÑ жобасы бойынша 2023-2025 жылдары республикамыздағы 20 футбол алаңын жаңарту жоспарда бар. Бұған дейін елімізде Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Петропавл, Аягөз қалалалары мен Жетісу облысындағы алаңдар қолданысқа берілген болатын. Кезекті алаңның ашылуы 28 қыркүйек күні Ақсу қаласындағы «Достық» cтадионында жоспарланған.м

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz