Колобовтың төрт ұпайы «Хумоны» жеңуге көмектесті, «Сарыарқа» қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті.
«Номад» «Хумоға» есе қайтарды. Алғашқы кезеңде де Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері үш мәрте қарсыластарын қапы қалдырып, кейін қорғаныста сенімді ойнады. Кездесудің басты қаһарманы Никита Колобов (2+2) болды – «Номад» шабуылшысының бес шабуылының төртеуі нәтижелі аяқталды. Роман Калмыков 27 соққыны қайтарды. Осы жеңістен кейін елордалықтар турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді.
«Номад» — «Хумо» 5:1 (3:0, 1:0, 1:1)
1:0 — 02:58 — Колобов (Бутенко, Никитин)
2:0 — 08:51 — Колобов (Әсетов, Бойко)
3:0 — 12:14 — Никитин (Колобов, Рунов)
4:0 — 28:47 — Рунов (Коченевский, Носов)
4:1 — 49:49 — Буялский
5:1 — 50:32 — Рунов (Никитин, Колобов)
Қақпашылар: Калмыков — Фомин (Климахин, 53:25-60:00)
«Сарыарқа» қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. Қарағандылықтардың «Құлагермен» сырт алаңдағы матчта жеңіске жетуіне Егор Наместников пен Тимур Шингареевтің дәл соққылары, сондай-ақ қақпашы Жәкен Ибрагимовтің 39 сейві себепкер болды. Бес ойында сегіз ұпай жинаған Владимир Князев шәкірттері чемпионатта екінші орын алды.
«Құлагер» — «Сарыарқа» 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)
0:1 — 09:27 — Наместников (Коннов, Королинский)
1:1 — 37:26 — Злобин (Қызыл)
1:2 — 50:01 — Шингареев (Валеев)
Қақпашылар: Каратаев — Ибрагимов