Қазақстандық Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Хуэргомен бірге жұптық сында Аргентинада өтіп жатқан ITF W50 турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда қазақстандық-италиялық дуэт Елени Кристофи (Грекия) — Юки Найто (Жапония) жұбын үш сетте 5:7, 6:4, 10:8 есебімен ұтты.
Финалда Жібек пен Николь турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген Мария Перес Гарсия (Колумбия) — Аврора Зантедескимен (Италия) чемпиондық атақты сарапқа салады.
18 жастағы Соня Жиенбаева Мадридте өтіп жатқан ITF W15 сериясы турнирінің финалына шықты. WTA рейтингінде 781-орында тұрған қазақстандық теннисші жарыстың жартылай финалында Швейцария өкілі Дженни Дюрстті екі сетте ұтты – 7:6, 6:2.
Турнирде жеңіске жету үшін Соня Элис Гиллан (Ұлыбритания) — Альба Рей Гарсия (Испания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.