Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» жобасы аясында тағы бір алаңды қолданысқа берді. Ауқымды модернизация жұмыстары Ақсу қаласындағы 3 мың жанкүйер сыятын «Достық» стадионында жүргізілді. Спорт нысанында италиялық сападағы халықаралық талаптарға сай жаңа футбол алаңының тұсауы кесілді.
Ашылу салтанатына Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов және жобаның серіктестері қатысты. Ал жобаның амбассадоры, ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов балаларға ашық жаттығу өткізіп, қолтаңбалар мен сыйлықтар берді.
Қазіргі сәтте бұл жерде «Ақсу» футбол орталығының 200-дей тәрбиеленушілері жаттығады. Ал болашақта «Ақсу» футбол клубы отандық турнирлердің аясында матч өткізуі мүмкін.
В этой статье:
Нажмите, чтобы прокомментировать