ВТБ Бірыңғай лигасы матчында «Астана» мәскеулік ЦСКА-мен ойнады. Алаң иелері қонақтардан 45 ұпай айырмашылығымен жеңіліп қалды. Астана» сапынан ең жақсы ойын өрнегін 15 ұпай жинаған Даниэль Утоми көрсетті. Рустам Мурзағалиев 9 ұпай, Джеймс Мюррей-Бойлс – 8, Григорий Мотовилов – 7, Рустам Мурзағалиев пен Владислав Исаенко – 3 ұпай, Галлин Смит – 2, Асқар Майдекин – 1 ұпай жинады. Матч 48:93 есебімен аяқталды. Бұл «Астана» үшін ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымындағы төртінші жеңіліс болды. 6 қазанда «Астана» өз алаңында «Автодор Саратовты» қабылдайды.
Матч аяқталысымен «Астананың» бапкері Фотис Такианос ВТБ Бірыңғай лигасының ЦСКА-ға қарсы ойыны туралы пікір білдірді
«Біз қиын жағдайдамыз. Сондықтан біз жанкүйерлермен бірігуіміз керек. Олар біздің құрам қазір толық емес екенін біледі және бізге олардың қолдауы қажет», — дейді елордалық команданың бас бапкері.
ВТБ Бірыңғай лигасы. 4-тур
«Астана» — ЦСКА 48:93 (18:29, 12:18, 12:28, 6:16).