Ферғана қаласында (Өзбекстан) ITF Juniors J200 сериялы турнирінің финалистері анықталды. 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Азияның екінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы (190 ITF Juniors) жартылай финалда жарыстың екінші ракеткасы ресейлік Дмитрий Бессоновты (114 ITF Juniors) 7:6, 6:4 есебімен жеңді.
Заңғар Нұрланұлы жүлде үшін шешуші матчта жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген үндістандық Криш Тиагаға (98 ITF Juniors) қарсы ойнайды.
Ал Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, әлем рейтингіде 15-орында тұрған теннисші Амир Омарханов Бейжіңде өтіп жатқан ITF Juniors J300 сериялы турнирінің 1/4 финалына шықты.
Қазақстандық үшінші раундта Корея өкілі Донюнг Хванды (133 ITF Juniors) 6:7 (4:7), 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Амир ширек финалда Куан-Чоу Ченмен (79 ITF Juniors) ойнайды.