Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстандық дербиде Александр Шевченко жеңіске жетті

ATP 250 Almaty Open турнирінің бірінші айналымында Александр Шевченко (61 ATP) Михаил Кукушкинді (111 ATP) жеңді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу 7:6 (7:5), 7:6 (7:4) есебімен Александрдың пайдасына шешілді. Қос қазақстандық теннисшінің кездесуі екі тай-брейкте шешілді – 7:6 (7:5), 7:6 (7:4). Жеңіс Шевченконың еншісінде кетті.

Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Шевченко 8 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Кукушкин 4 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті. Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін рейтингіде 139-сатыдағы ресейлік Аслан Карацевпен кездеседі. Бұл Михаил мен Александрдың екінші бетпе-бет кездесуі және жеке кездесулер есебі теңесті.

Сондай-ақ ATP 250 Almaty Open турнирінің алғашқы айналымында Бейбіт Жұқаев (213 ATP) ливандық Бенджамин Хассанмен (245 ATP) кездесіп, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Екінші айналымда Жуқаев Тимофей Скатов (Қазақстан) — Томаш Махач (Чехия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда алғаш рет ATP 250 Almaty Open халықаралық теннис турнирі өтуде. Бұл Қазақстан үшін маңызды спорттық шара. Ол 13-20 қазан аралығында Қазақстан тарихында оңтүстік астанада өтетін ATP сериясының бесінші халықаралық турнирі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz