«Барыс» барлық легионерлермен келісімшартты бұзды. Бұл туралы ресейлік хоккей комментаторы Алексей Шевченко телеграм-каналында хабарлады.
««Барыстағы» Кодола мен Апалков жұмыстан шығарылды. Шетелдіктер де», — делінген хабарламада.
Елордалық команда сапынаг Натан Боулье, Уилл Батчер, Алекс Грант, Чейс ДеЛео, Майкл Маклоуд, Юхан Маттссон, Коннор Смит және Уэйд Эллисон ойнады.
Басшылық қызметте де өзгерістер болды. Олег Болякин бас менеджер қызметінен кетті. Борис Иванищевтің орнына Нұрлан Оразбаев бас директор болып тағайындалды. Жеті ұпайы бар «Барыс» 16 ойынның 13-де жеңіліс тапты. Қазіргі таңда елордалық ұжым Шығыс конференциясының кестесінде соңғы, 12-ші орында тұр. Келесі ойынды команда 19 қазанда Ярославльдік «Локомотивке» қарсы сырт алаңда өткізеді.