Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко биылғы жылы WTA 250 турнирінің финалында жұмыс жасаған алғашқы қазақстандық төрешілер болды. Юлия Гонконгтағы WTA 250 турнирінің Диана Шнайдер мен Кэти Болтер арасындағы финалдық ойынға, ал Меруерт Кәукеева Қытайдағы Виктория Голубич пен Ребекка Шрамкова арасындағы WTA 250 турнирінің шешуші кездесуіне төрелік етті.
2009 жылы Қазақстан теннис федерациясы өзінің төрешілер мектебін белсенді түрде дамыта бастады. Осы уақыт ішінде «күміс» төсбелгісі бар халықаралық төрешілер командасына екі қазақстандық әйел бекітілді: Юлия Игнатченко (2022 жылдың қарашасында алған) және Меруерт Кәукеева (2023 жылдың қарашасында алған). Тағы бір судья Владлена Саменкова 2024 жылдың ақпанында «Қола» төсбелгісі санатын алды. Юлия Игнатченко төрешілік мансабын 2008 жылы, Меруерт Кәукеева 2015 жылы бастады. Юлия «Үлкен дулыға» турнирлеріне төрешілік етуді 2015 жылы, Меруерт 2016 жылы бастады. Олар Токио мен Париждегі Олимпиада ойындарында да жұмыс істеді.
Еліміздегі «Күміс белгі» дәрежесіндегі төрешілер Қазақстан Республикасындағы федерация өткізетін көптеген турнирлердің, сондай-ақ белсенді халықаралық алмасу жүйесінің арқасында жинақтаған жүйелі жұмыс пен мол тәжірибенің нәтижесі. Соның арқасында біздің төрешілер шетелдік тәжірибе жинақтап, ең маңызды турнирлерге, соның ішінде Олимпиада және Азия ойындарына, «Үлкен дулыға» турнирлерінде төрелік етуде.