Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Өмір салты

Жапониялықтар қазақстандық конькишілерден кешірім сұрады

Жапонияның коньки спорты федерациясы марапаттау рәсімінде ескі әнұранды пайдаланғаны үшін Қазақстан құрамасынан ресми түрде кешірім сұрады.

Оқиға былай болған. Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында қазақстандық Виталий Щиголев масс-стартта жеңіске жетті. Марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосады. Осы жайттан кейін қазақстандық конькишілер одағы ISU мен турнирді ұйымдастыру комитетіне хабарласып, мән-жайды анықтауды сұрады.

«Жапония коньки спорты федерациясы жіберген қателік үшін Қазақстан конькишілер одағы мен Қазақстан құрамасынан шын жүректен кешірім сұрайды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мырзаны марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны орындалды. Белгілі болғандай, біздің дерекқорымызда сақталған ескірген жазба қолданылған. Біз мұқият болуымыз керек еді. Болашақта осындай қателікті болдырмау үшін біз Халықаралық коньки тебу одағына (ISU) жүйе құруды ұсынғымыз келеді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Виталий Щиголевтен бөлек командалық спринтте еліміздің намысын Надежда Морозова, Дарья Важенина және Кристина Силаева қорғады. Қазақстандық спортшылар 1 минут 30.36 секунд нәтижесімен қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ 1000 метрге конькимен жүгіруден 26 жастағы отандасымыз Надежда Морозова жүлдегерлер қатарына еніп, күміс медальға ие болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz