Украинаның vRINGe.com сайты WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері доминикандық Карлос Адаместің әлеуметтік желідегі текетіресіне қатысты пікір білдірді.
«Халық арасында Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) әлеуметтік желідегі парақшаларын менеджер Эгис Климас жүргізеді деп қалжыңдайды (немесе олар анық біледі).
Егер бұл рас болса, онда ол сол салмақтағы WBC белбеуінің иегері доминикандық Карлос Адаместің (24-1, 18 КО) парақшасын да сол жүргізетіні сөзсіз — сол жазу, сол стиль.
Боксшылар жанкүйерлерді арзан спектакльдерімен шаршатты. Бір жылдан астам уақыттан бері олар бір пластинканы айналдырып келеді. Әлеуметтік желілерде келіссөздер жүргізіп жатқандай кейіп танытып, үнемі бір-бірін қорқақсың деп айыптап, келісім-шарт жасау талаптарын алға тартты.
Қос боксшының командасы WBC және WBO нұсқалары бойынша міндетті қарсылас болып табылатын британдық Хамза Ширазмен бір уақытта келіссөздер жүргізді. Адамес онымен жекпе-жекке шығуы мүмкін (22 ақпан, Эр-Рияд, Сауд Арабиясы).
Бірнеше сағат бұрын доминикандық белгісіз дереккөзден ретвит жазды. Болжам бойынша, «Канело» Аль Хэймонның PBC телеарнасымен келіссөздер жүргізіп жатыр және ақпан айында Жапонияда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге, Адамес күтпеген жерден қарсыласына айналды», — деп жазады дереккөз.
Жәнібек бұған қалай жауап береді?
«Тек Канело ғана менімен жекпе-жекке шығуға батылдық танытады» деп жазады. Ақпан айында жұдырық түйістірейік. Менің салмағымдағы чемпиондар менімен жұдырықтасуға қорқады. Бүкіл әлемге жақсы жекпе-жек көрсетейік», — деді қазақстандық былғары қолғап шебері.
«7 желтоқсанда Лондонда (Англия) британдық Дензел Бентли мен Брэд Полс арасындағы текетіресте Жәнібектің Twitter желісіндегі емес, нағыз қарсыласы анықталады деп күтілуде. Әлімханұлы Бентлимен жекпе-жекке шығып үлгерді – ол жеңді, бірақ бізді таңдандыра алмады», — деп хабарлады vRINGe.com басылымы.