Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Харольд Техада Astana Qazaqstan Team сапында қалатын болды

Колумбиялық шабандоз Харольд Техада (26 жаста) Astana Qazaqstan Team жобасымен келісімшартын ұзартты. Ол 2024 жылы қазақстандық команда намысын қорғайтын болады.

«Командада төрт жыл өткізгеннен кейін мен нәтижелер пайда болатын сәт келгенін сезінемін. Ал биылғы маусымда бәрі ойдағыдай басталды. Екінші жартыжылдықты жақсы өткізіп, «Түркия турында» бірінші орынға қол жеткіздім. Бірақ мен үшін бұл тек бастамасы. Мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Жаңа маусымды асыға күтемін және жарыстарда жеңіске жетуге тырысамын. Командама қолдау көрсеткендері үшін, маған және шабандоз ретіндегі талантыма сенгендері үшін алғыс айтамын. Соңғы маусымдар бүкіл команда үшін қиын болды. Бірақ мен әлі де алға жылжып келе жатқанымызды және жеңістер көп күттірмейтінін көріп отырмын. Үлкен қолдауды сезінетін, бәрі ойдағыдай болатынын білетін осы тамаша командада жарысты жалғастыра алатыныма өте қуаныштымын. Жоба дамып келеді, өсуде және жаңа маусымның сәтті өтетініне сенімдімін», — деді Харольд Техада.

Колумбиялық спортшы кәсіпқой мансабын 2020 жылы Astana Qazaqstan Team сапында бастады, ол бір күндік «Mont Ventoux Challenge» және одан кейінгі «Тур де Франс» жарыстарында бірден көзге түсті. Содан бері Техада қазақстандық команданың құрамында бес Гранд Турда жарыс жолына шығып, онда ол команда жетекшілеріне қолдау көрсетті.

Осы маусымда Техада бірқатар маңызды жеке нәтижелерге қол жеткізді. Ол Швейцария турының жалпы есебінде алғашқы ондық қатарына ілікті. «Гран Пьемонте» бір күндік жарысында сегізінші болды және «Түркияның президенттік турының» жалпы классификациясында үшінші орынға ие болды. Онда команда «Астана» көшбасшы Алексей Луценконың жеңісін тойлады.

«Харольд тәжірибе жинақтап, кәсіби шабандоз болу үшін қажетті бірнеше қиын жылдардан кейін ол осы маусымда өзінің алғашқы елеулі нәтижелеріне қол жеткізе бастады. Біз оны маңызды таулы кезеңдерінде алғашқы ондықта жиі көре бастадық. «Швейцария турын» тамаша жүріп өтті және «Түркия турында» ауқымды жұмыс атқарды. Онда Алексей Луценконы қолдап, өзі жеңіс тұғырынан көрінді. Жаңа маусымда ілгерілеу жалғасады. Жақын арада жақсы нәтижелер ғана емес, жеңістер де болады деп сенеміз. Харольд – тамаша командалық шабандоз. Бірақ ол жарыстарда жеңіске жету үшін барлық жақсы қасиеттерге ие», — деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz