Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды

10-12 қараша аралығында Ереванда самбодан өткен 2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте үшінші  орынға ие болды. Самбошыларымыздың қоржынында 8 медаль  — 1 алтын, 2 күміс және 5 қола бар.

Армения астанасында Халықаралық самбо федерациясының (FIAS) күнтізбесінің басты турнирі – самбодан 2023 жылғы әлем чемпионаты өтті. Карен Демирчян атындағы спорт кешенінде Чемпионаттың спорттық және жекпе-жек санатында 21 салмақ дәрежесі бойынша 65 елден 300-ден астам мықты спортшылар, соның ішінде аты аңызға айналған және атақты самбошылар, бірнеше дүркін әлем чемпиондары бақ сынады. ФИАС атқару комитетінің шешіміне сәйкес Ресей, Беларусь, Франция және босқындар құрамаларының спортшылары нейтралды статуста бақ сынады.
Чемпионат қорытындысы бойынша медальдар есебінде самбодан Қазақстан құрамасы (1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль) Өзбекстан құрамасы (2 алтын, 1 күміс, 3 қола) мен ресейлік спортшыларға (13 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль) ғана есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтады.

Қола медальдар:

Әлмұханбетова Гүлдана (спорттық самбо, 54 келіге дейін);

Абатова Шынар (спорттық самбо, 72 келіге дейін);

Қуатай Арнұр (спорттық самбо, 71 келіге дейін);

Зекенов Әлібек (спорттық самбо, 98 келіге дейін);

Жиентаев Талғат (жауынгерлік самбо, 98 келіден жоғары).

Күміс медальдар:

Бажаева Маргарита (спорттық самбо, 50 келіге дейін);

Қойшыбаев Еламан (спорттық самбо, 88 келіге дейін).

Ал  80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Арайлым Абенова  Қазақстан үшін тарихи алтынды жеңіп алды. Жарыстың үшінші күні финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Орынбор қаласының өкілі Құсанова Жанарға еш мүмкіндік қалдырмады. Ол самбодан ІІ ТМД ойындарының финалында жеңілгенінің есесін қайтарып, ұлттық құрамаға командалық есепте жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік берді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz