Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Ермек Маржықпаев: «Боксшылардың физикалық дайындығында кем тұстар көп»

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша федерациялардың есебін тыңдауды жалғастырып жатыр.
Бұл жолы еліміздегі ең танымал спорт түрлері саналатын бокс пен дзюдо федерациясының өкілдері есеп берді. Жиында олар спортшылардың Ханчжоудағы өнері туралы айтып, төмен нәтиже көрсетуінің себептерін баяндады. Ермек Маржықпаев қазақстандық боксшылардың физикалық және функционалды дайындығында кем тұстар көп екенін, әйелдер боксында резервтің жоқтығын атап өтті. Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бәріміз Карина Ибрагимованың (57 кг) финалдағы, Асланбек Шымбергеновтің (71 кг) жартылай финалдық жекпе-жегінде болған жағдай туралы жақсы білеміз. Алайда, бұл команданың жалпы көрсеткен нәтижесіне себеп болмауға тиіс. Біздің боксшылар екінші раундтан кейін шаршап қалып жатыр. Федерацияның ұсынысымен спортшылардың физикалық дайындығын жақсарту мақсатында шетелдік кеңесші шақырылғанымен, нәтиже көңілдегідей болмай шықты. Әйелдер боксында резерв жоқ, бір спортшы барлық турнирге қатысып шығады», — деді туризм және спорт министрі жиында.

Сонымен қатар Ермек Маржықпаев дзюдо федерациясының есебін тыңдап, Азия ойындарында жақын көршілерімізден медаль саны бойынша да, жеке белдесулер бойынша да қалып қойғанымызға тоқталды.

«Бір ғана мысал, Қазақстан ерлер құрамасының балуандары Ханчжоу татамиінде Тәжікстан спортшыларымен үш рет кездесіп, өкінішке қарай, соның екеуінде қарсыластарына жол беріп қойды. Нәтижесінде Тәжікстан мен Қырғызстан – 1 алтыннан, Өзбекстан 3 алтын медаль жеңіп алды», — деді министр.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары дзюдошылардың нәтижесі де, деңгейі де төмендеп барады.

«Соңғы онжылдықта дзюдодан ұлттық құрама салыстырмалы түрде бір деңгейде өнер көрсетіп келді. Елдос Сметовтің жетістіктері федерацияны алға тартты. Бірақ қазір оның жасына сай күш-жігері аздап сарқыла бастағанда ұлттық құраманың шынайы деңгейі белгілі болды», — деді Ермек Маржықпаев.

Жиын соңында министр өткен жарыстардың нәтижелеріне терең талдау жүргізуді және спортшыларды алдағы Париж Олимпиадасына тыңғылықты дайындау үшін кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz