Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді.
«Астана Аренада» өткен матчта Қазақстан құрамасы Арменияны қабылдады. Қазақстан құрамасының капитаны әрі қорғаушысы Юлия Мясникова Армения құрамасының қақпасына 40-минутта тамаша гол соқты. Ол айыпдобын дәл орындады. Екінші таймда Аида Гайстенова есепті еселей түскен. Артынша 58-минутта Юлия Мясникова дубль авторы атанды. Бұған Армения құрамасы бір голмен жауап қатты. 71-минутта Камила Құлмағамбетова матчтың Қазақстан құрамасының төртінші голын соқты.
Қазақстан – Армения – 4:1 (1:0)
Гол: Мясникова 40′, 58′, Гайстенова 48′, Құлмағамбетова 71′ – 68′ Портнова (а/г)
Қазақстан: Портнова (қ), Низамутдинова, Құлмағамбетова, Гайстенова, Нұрышева, Қаражанова, Берікова, Мясникова (к), Совет, Тұрлыбекова, Власова
Қосалқы құрам: Хохлова (қ), Хайрулина, Айтымова, Лозукова, Мамырова, Садықова, Ізімбаева, Жұмабайқызы, Бурова, Сатығалиева, Алданазар
Бас бапкер: Мадияр Кембілов;
Алты турдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сегіз ұпаймен С4 тобында үшінші орын алды. Топтың жеңімпазы Израиль (16 ұпай), ал Эстония екінші орынға ие болды (он ұпай), Арменияда ұпай жоқ.