Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Хоккейден Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді

Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы үшінші кездесуде Қазақстан құрамасы Чехиямен кездесті.

Бірінші кезеңде қарсылас екі голмен алға шықты, оның біреуі ойын кезеңінің соңғы минутында Роман Большедворский гол соқты. Екінші кезеңде Корней Корнеев таразы басын теңестіргенімен, екінші жиырма минуттың соңында қарсылас қайтадан алға шықты. Ойын Александр Перкиннің голының арқасында овертаймға ұласты. Мстислав Шипилин кездесуге нүкте қойып, Қазақстан құрамасына әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісін әкелді.

Георгий Верещагин келесі ойыншыларды айдынға шығарды: Төлеубай (Алпысбаев) — Большедворский-Шипилин, Саркенов Ас.-Корнеев-Әлібек; Дурглишвили-Евплов, Киреев-Черкасов-Дронов; Манажанов-Бритиков, Божко-Перкин-Симонов; Сағымбаев, Оразбаев-Глухих-Қажыбеков.

Чехия – Қазақстан – 3:4 (2:1, 1:1, 0:1, 0:1) ОТ

1:0 – 13:37 – Кош (Сикора, Кубейша)

2:0 – 15:44 – Бенак (Полетин)

2:1 – 19:26 – Большедворский (Сағымбаев, Симонов)

2:2 – 23:15 – Корнеев (Саркенов, Большедворский) Г.Б

3:2 – 38:42 – Йехо (Титлеба)

3:3 – 52:45 – Перкин (Симонов)

3:4 — 64:03 – Шипилин (Черкасов)

Қақпашылар: Төлеубай – Милота

Осылайша, Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионында тұңғыш рет жеңіске жетіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Роман Большедворский Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы деп танылды. Қорғаушы матчтағы алғашқы голды соғып, нәтижелі пас берді.

Бұған дейін құрамамыз Швейцария (2:5) және Швецияға (1:7) жеңілген болатын. Чехияны жеңгеннен кейін қазақстандық хоккейшілер «В» тобындағы алғашқы ұпайларға ие болды. Қазіргі уақытта командалардың жағдайы келесідей: Канада – 9 ұпай (3 матч), Чехия – 6 ұпай (4 матч) , Швеция – 4 ұпай (3 матч), Швейцария – 3 ұпай (3 матч), Қазақстан – 2 ұпай (3 матч).

Топтық кезеңдегі соңғы матчында Қазақстан көшбасшы Канада құрамасымен ойнайды. Қазақстан құрамасы тағы бір сенсация жасап, жеңіске жетсе, ал Швейцария құрамасы соңғы ойында Швециядан ұтылып қалса, Қазақстан элиталық дивизиондағы орнын сақтап қана қоймай, ширек финалға да шығады.

Егер Қазақстан құрамасы соңғы, бесінші орын алса, жоғары дивизионда қалуға мүмкіндігі бар және А тобында соңғы орын алған командамен ойнайды. Жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасында элитада қалады.

Бүгін, 30 сәуір елорда уақытымен 21:00-де жастарымыз Канада құрамасына қарсы кездесу өткізеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz