Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Астана» Лига Кубогының кезекті кездесуінде жеңімпаз атанды

Қарағандылық «Шахтермен» болған сырт алаңдағы ойында Бабаян шәкірттері 2:4 есебімен қарсыласынан айласын асырды.

«Астана» клубы келесі аптада Конференция лигасында доп тебетіндіктен, өз ойынын 19 шілдеге ауыстыруды жөн көрді. Бұл топта барлық клубтар бірдей ұпай жинағанымен, «Астананың» жартылай финалға шығу мүмкіндігі жоғары. Себебі, бірінші орын иегері доп айырмашылығымен анықталады. Командалар Премьер-лигада өзара кездесіп, қарағандылықтар 1:0 есебімен күтпеген жерден жеңіп кеткен еді. Ал бұл жолы Лига Кубогының 3-турында елордалық ұжым есе қайтарды.

Кездесуде «Астана» сапынан дебют жасаған Чинеду Джеффри хэт-трик  авторы атанды. Бұған дейін елордалық ұжым Лига Кубогында ақтаулық «Каспиді» 5:0 есебімен ойсыратып жеңген болатын.

Осы жетістігінің арқасында астаналықтар 6 ұпай жинап, D тобында көш бастаса, қарағандылықтар 3 ұпаймен үшінші орында тұр.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 450 миллион теңгені құрайды. Турнир жеңімпазы 90 миллион теңге, ал финалға шыққан команда 50 миллион теңге сыйақы алады. Сонымен қатар, қосымша сыйақылар қарастырылған – командалар турнирге қатысқаны үшін сегіз миллион, топтық кезеңдегі тең ойын үшін екі миллион, топтық кезеңді жеңгені үшін бес миллион, жартылай финалға шыққаны үшін 10 миллион, финалға шыққаны үшін 11 миллион теңге алады.

Айта кетейік, бүгін «Астана» Конференция лигасының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. «Астана» «Торпедо» (Беларусь)/«Милсами» (Молдова) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Алғашқы кездесу осы жұптың жеңімпазының алаңында, қарымта ойын Қазақстанда өтеді. Ойындар 25 шілде мен 1 тамызға жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz