Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов 25 таза допинг сынамасы үшін USADA ұйымынан сыйлық алды

50 сынақ нәтижесі таза шыққаны үшін Американың допингке қарсы агенттігі өзінің кеудешесін сыйға тартатын. Мұндай мүмкіндікке Чарльз Оливейра, Иcраэль Адесанья және Робби Лоулер жақында ие болды. Ал Шавкат Рахмонов 25 таза допинг сынамасы үшін сыйлыққа жейде алды.

2020 жылы Шавкат USADA допинг-сынамасы қалай жұмыс жасайтыны туралы айтқан болатын.

«Олар әрқашан күтпеген жерден келеді. Олар кез келген сәтте сынама алуға келе алады. Тіпті дәл қазір келуі де мүмкін. Одан бас тарта алмайсыз. Қабылдаған таблеткалардың барлығын көрсетуіңіз керек. Мысалы, ауырдыңыз делік. Мұндай жағдайда сіз дәрігерден қандай дәрілерді қабылауыңыз керек, сұрауыңыз қажет. Осындай ұсақ-түйектер көп.

Әрине, мансабымда допинг қабылдаған  қарсыластар болды. Бірақ мен оларды жеңдім. Маған бәрібір. Ондай жігіттер бар. Олардың мұндай препараттармен әлдеқайда күшейгенін сезесің» — деді Рахмонов сұхбатында.

UFC мен USADA серіктестігін осы жылдың соңында аяқтайды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Drug Free Sport International UFC жекпе-жек шеберлерін сынақтан өткізеді. Ұйым негізгі америкалық лигалармен НБА, НФЛ (америкалық футбол), МЛБ (бейсбол) және NCAA-мен (студенттік спорт) жұмыс жасайды. Аталмыш ұйым допингке қарсы күресте жеткілікті тиімді емес деп жиі сынға түседі. Себебі оң сынамалар аз және жоспардан тыс сынақтар мүлде жоқ. UFC допингке қарсы жаңа бағдарламасын Саддам Хусейнді тергеумен танымал ФБР бұрынғы арнайы агенті Джордж Пиро қадағалайтын болады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz