Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Еуро-2024 додасына тоғыз команда жолдама алып үлгерді

Сарапшылардың пайымдауынша Еуро-2024 додасының басты фавориттері Франция, Англия және Португалия құрамалары.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталуға жақын. Командалардың басым бөлігінде бір-екі ойын ғана қалды. Кейбір командалар Еуро-2024-ке жолдама алып үлгерді, ал кейбір құрамалардың әлі де мүмкіндіктері болса, енді бірі Ұлттар Лигасына үміт артып отыр.

Қазіргі таңда тоғыз команда Еуро-2024 додасына, олардың арасында Германия іріктеу кезеңіне қатыспай-ақ турнир қожайыны болғандықтан бірден жолдама алды. Испания мен Шотландия А тобынан сүрінбей шықты, В тобынан Франция, С тобынан Англия, D тобынан Түркия, Бельгия мен Аустрия F тобынан шығады. Ал J тобынан Португалия құрамасы сынға түседі.

В тобынан француздар топтан мерзімінінен бұрын шықты. Іріктеу кезеңінің аяқталуына екі тур қалғанда аталмыш команда қоржынында 18 ұпай бар. Екінші орын үшін күрес 12 ұпайы бар Нидерланды мен Грекия құрамалары арасында жүріп жатыр.

С тобында Англия құрамасы мәреге екі тур қалғанда 16 ұпай жинап, өз міндетін орындады. Екінші орын үшін Украина (жеті турдан кейін 13 ұпай) мен Италия (алты ойыннан кейін 10 ұпай) таласады.

D тобында Түркия Еуроға шықты (16 ұпай резервте бір тур). Екінші орын үшін Уэльс, Хорватия және Армения таласады. Алғашқы екі команданың еншісінде он, Арменияда жеті ұпай бар. Оның үстіне бұл командалар әлі екі ойын ойнайды.

Е тобында әлі ештеңе шешілген жоқ. Әзірге бұл топтың фаворитін атау қиындау. Себебі Албания (13), Чехия (11), Польша (10) және Молдова (9) өзара таласуда. Бұл командалардың барлығында екі, ал поляктардың бір ойыны қалды.

G тобында әлі ешкім Еуроға жолдама алған жоқ. Үміткерлер арасында Венгрия (14 ұпай), Сербия (13 ұпай) және Черногория (8 ұпай) бар.

Ал кейбір құрамалар еуроға жолдама алу мүмкіндігінен айырылды: Норвегия, Грузия, Швеция, Финляндия мен Босния және Герцеговина, Кипр, Ирландия, Гибралтар, Солтүстік Македония, Мальта, Латвия, Фарер аралдары, Әзірбайжан, Эстония, Литва, Болгария, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино, Беларусь, Андорра және Лихтенштейн.

Дегенмен, әлі де Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы Еуроға шығу мүмкіндігі болады. Үш жолдама 12 команда арасында ойнатылады. Оған Ұлттар лигасының А, В және С дивизиондарының төрт өкілі таласады.

2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін күрес қыза түсуде. Чемпионат келесі жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді. Қазақстан құрамасы тарихта ешқашан мұндай ірі халықаралық турнирлерге қатысқан емес. Құрамамыз алғаш рет еуроға жолдама алу үшін сынға түсуде. Егер іріктеу тобында нәтиже көрсете алмаса, ел құрамасының Ұлттар Лигасы арқылы жолдама алу мүмкіндігі бар. 17 қарашада Магомед Адиев шәкірттері өз алаңында Сан-Мариномен ойнаса, 21- қараша күні сырт алаңда топ көшбасшысы Словениямен кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz