Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

ҚПЛ-2024 қатысушыларының толық құрамы анықталды

2023 жылғы ҚПЛ мен Қазақстан чемпионатының бірінші лигасының қорытындысы бойынша келесі маусымдағы Премьер-лигаға қатысушылардың тізімі төмендегідей:

«Ордабасы», «Астана», «Ақтөбе», «Қайрат», «Қызыл-Жар», «Қайсар», «Атырау», «Тобыл», «Мақтаарал», «Шахтер», «Жетісу», «Елімай», «Тұран», «Жеңіс».

2023 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Оқжетпес», «Каспий» және «Ақсу» Премьер-лигадан шығып қалды.

«Елімай» биыл бірінші лига жеңімпазы атанды. Команда спорттық көрсеткіштер бойынша емес, Қазақстан футбол федерациясының шешімімен бірінші лигаға алынған. «Тұран» мен «Жеңіс»  маусымның ортасында қайта қаралған чемпионат регламентінің арқасында Премьер-Лигада бақ сынайтын болады. Бастапқыда тек бір команда ҚПЛ-ға жолдама алуы керек еді. Ал лига өз кезегінде он екі қатысушыға қысқартылатын болды. Бұл ресми құжаттарда – Премьер-лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының ережесінде (ҚФФ Атқару комитеті 2023 жылғы 26 қаңтарда бекітілген) және Бірінші лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының Регламентінде (ҚФФ Атқару комитетінің 2023 жылғы 7 наурыздағы шешімімен бекітілген) жазылған. Дегенмен, 2024 жылы ҚПЛ-ға жаңадан қосылған команданың саны бірден үшке дейін ұлғайтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы маусымда «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанса, «Астана» күміс, «Ақтөбе» ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz