Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина Саккариден айласын асыра ала ма?

1-қарашадан 2-қарашаға қараған түні қазақстандық Елена Рыбакина Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA финалдық турнирінде екінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы Грекия өкілі Мария Саккари болмақ. 24 жастағы Рыбакина (№4) мен 28 жастағы Саккари (№9) арасындағы үшінші текетірес Астана уақыты бойынша сағат 1:30-да басталады.

2020 жылдың ақпан айында Рыбакина мен Саккари алғаш рет бетпе-бет кездесті. Санкт-Петербургте (Ресей) өткен турнирдің жартылай финалында қазақстандық теннисші 3:6, 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ 2022 жылдың наурызында Мария Индиан-Уэллстегі (АҚШ) жарыстың ширек финалында есе қайтарды — 7:5, 6:4.

Енді теннисшілер WTA финалдық чемпионатында өнер көрсетеді. Екі теннисші де топтық кезеңді жеңіліспен бастады. Рыбакина америкалық Джессика Пегуладан – 5:7, 2:6, ал Саккариден әлемдік рейтингтің көшбасшысы, беларусь Арина Соболенкодан 0:6, 1:6 есебімен жеңілді.

Егер олар әлі де кубок үшін күресті жалғастырғылары келсе, жеңіске жетулері керек. Оның үстіне мұнда әрбір матч маңызды рөл атқарады. Өйткені теннисшілер әрбір жеңісі үшін 198 мың доллар (91,19 миллион теңге), сондай-ақ 250 рейтингтік ұпай алады. Рыбакина мен Саккари олардың басты қарсыластары Соболенко мен Пегуланың кездесуі аяқталғаннан кейін бірден кортқа шығады. Сондықтан кортқа шыққанда олар екі матчтан кейін кімде екі ұпай бар екенін білетін болады. Топтан тек екі үздік теннисші ғана жартылай финалға өтеді.

Айта кетейік, осы кездесуден кейін Рыбакина матч нәтижесіне қарамастан Соболенкамен кездесуі керек. Топтық кезеңнің соңғы кездесуі сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz