Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«БИІК-Шымкент» Қазақстан чемпионы атанды

Шымкенттік «БИІК» футболдан әйелдер командалары арасында он екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Шымкенттіктер 16 кездесудің 16-сында жеңіске жетіп, 48 ұпай еншілеп, 129 гол соқты.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі OLIMPBET Қазақстан чемпионатының «Ордабасы» — «Шахтер» матчындағы үзіліс кезінде өтті, оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «Sport Qory» спортты қолдау қорының бас директоры Асхат Сейсембек қатысты.

Чемпионаттың күміс жүлдегері Түркістан облысының «Томирис-Тұран» командасы болса, үшінші орынды көкшетаулық «Оқжетпес» қыздары қанжығасына байлады. Чемпионат қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік қақпашы – Ангелина Портнова («Оқжетпес»);

Үздік қорғаушы – Бибігүл Нурушева («БИІК-Шымкент»);

Үздік жартылай қорғаушы – Карина Жұмабайқызы («БИІК-Шымкент»);

Үздік шабуылшы – Паулин Агботсу («Оқжетпес»);

Үздік ойыншы – Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»);

Үздік бомбардир – Әнел Мамырова – 20 гол («Томирис-Тұран»);

Үздік жаттықтырушы – Бегайым Қырғызбаева («Оқжетпес»).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz