Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Alañ» жобасы бойынша алғашқы футбол алаңы ашылды

Алғашқы футбол алаңы Ақтөбе қаласында пайдалануға берілді.

№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңы қайта жаңғыртылды. Жобаның негізгі мақсаты – футбол инфрақұрылымының сапасын арттыру және бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.

Жаңа алаңның ашылуына орай №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі аумағында әртүрлі жастағы балалардың қатысуымен футбол фестивалі өтті. Биыл Қазақстан футбол федерациясы Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстандағы футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасын іске қосқан болатын. Үш жылға арналған бағдарламаға УЕФА қолдау көрсетеді.

«Арайлы Ақтөбе өңірінде Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңы жаңартылды.  Бұл – «Алаң» жобасы бойынша елімізде пайдалануға берілген алғашқы футбол алаңы. Біздің стратегиямызда көрсетілген басты міндеттер балалар футболын дамытып, бұқаралық футбол үшін қолайлы жағдай жасау.  Енді осы алаңда балалар жаттығу жасап, бұқаралық футболдан жарыстар ұйымдастырылады. Жаңа алаңда Қазақ футболының болашақ жұлдыздары шығады деп кәміл сенемін!», – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов.

Айта кетейік, биыл Ақтөбеден бөлек, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысында да футбол алаңдары жаңартылады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz