Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

WTA. Кездесу неге тоқтатылды?

Бүгін, 3 қарашада Мексиканың Канкун қаласында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен белорусь теннисшісі Арина Соболенко арасында WTA финалдық турнирі аясында кездесу өтті. Бакалар тобындағы матч жаңбыр салдарынан бірнеше рет үзілді. Нәтижесінде екінші сетте тағы бір үзілістен кейін матчты аяқтау туралы шешім қабылданды.

Ол уақытта Рыбакина 5:3 есебімен екінші сетте алға шықты. Бірінші кезең 6:2 есебімен Соболенконың еншісіне жазылды. Рыбакина мен Соболенко плей-офф кезеңіне екінші орын үшін таласуда.

Айта кетейік,  америкалық Джессика Пегула бакалар тобының жеңімпазыболды.  Бакалар тобындағы үшінші кездесуде ол грекиялық Мария Саккариді 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Матч бір сағат 25 минутқа созылды. Осылайша, Пегула үш кездесуде үш жеңіске жетті. Ол бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны 7:5, 6:2 және беларусь Арина Соболенконы 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Бұл топтан екінші жолдаманың тағдырын Рыбакина мен Соболенко шешеді. Олардың арасындағы кездесу елорда уақытымен бүгін, 3-қарашадан 4-қарашаға қараған түні өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz