Бүгін, 3 қарашада Мексиканың Канкун қаласында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен белорусь теннисшісі Арина Соболенко арасында WTA финалдық турнирі аясында кездесу өтті. Бакалар тобындағы матч жаңбыр салдарынан бірнеше рет үзілді. Нәтижесінде екінші сетте тағы бір үзілістен кейін матчты аяқтау туралы шешім қабылданды.
Ол уақытта Рыбакина 5:3 есебімен екінші сетте алға шықты. Бірінші кезең 6:2 есебімен Соболенконың еншісіне жазылды. Рыбакина мен Соболенко плей-офф кезеңіне екінші орын үшін таласуда.
Айта кетейік, америкалық Джессика Пегула бакалар тобының жеңімпазыболды. Бакалар тобындағы үшінші кездесуде ол грекиялық Мария Саккариді 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Матч бір сағат 25 минутқа созылды. Осылайша, Пегула үш кездесуде үш жеңіске жетті. Ол бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны 7:5, 6:2 және беларусь Арина Соболенконы 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын.
Бұл топтан екінші жолдаманың тағдырын Рыбакина мен Соболенко шешеді. Олардың арасындағы кездесу елорда уақытымен бүгін, 3-қарашадан 4-қарашаға қараған түні өтеді.