Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында Словенияны жеңді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі өз өнерін аяқтады. Ойындар Испанияның Севилья қаласында өтті. Алғашқы кездесуде Анна Данилина Кая Юваннан жеңіліп қалды – 1:6, 0:6. Ал Юлия Путинцева Тамара Зиданшекті (WTA рейтингінде 100-орында) 2:6, 6:2 есебімен ұтты. Үшінші сет басталмай тұрып словениялық кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Словенияға қарсы үшінші финалдық кездесуде  өткен матчта Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Верноика Эрьявец пен Эла Миличті 2:6, 6:4, 10:7 есебімен ұтты.

Словениямен болған кездесудегі жалпы есеп Қазақстанның пайдасына аяқталды — 2:1. Алайда, бұл Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңіне қатысу үшін жеткіліксіз болды. Барлық үш команда — Қазақстан, Аустралия және Словения — В тобында бірдей ұпай жинады. Бірақ Словения сет айырмашылығы бойынша ең жақсы нәтиже көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті былтыр әлем чемпионатында екінші орын алған аустралиялықтар түйіндеді.

Өкінішке қарай, Елена Рыбакинасыз ел құрамасы ойдағыдай нәтиже көрсете алмады. Еліміздің бірінші ракеткасы бел жарақатына байланысты кортқа  шықпады. Қазақстандық команда топтың фавориті саналғанымен, Словения жанкүйерлерін таң қалдырды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz