Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі өз өнерін аяқтады. Ойындар Испанияның Севилья қаласында өтті. Алғашқы кездесуде Анна Данилина Кая Юваннан жеңіліп қалды – 1:6, 0:6. Ал Юлия Путинцева Тамара Зиданшекті (WTA рейтингінде 100-орында) 2:6, 6:2 есебімен ұтты. Үшінші сет басталмай тұрып словениялық кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Словенияға қарсы үшінші финалдық кездесуде өткен матчта Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Верноика Эрьявец пен Эла Миличті 2:6, 6:4, 10:7 есебімен ұтты.
Словениямен болған кездесудегі жалпы есеп Қазақстанның пайдасына аяқталды — 2:1. Алайда, бұл Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңіне қатысу үшін жеткіліксіз болды. Барлық үш команда — Қазақстан, Аустралия және Словения — В тобында бірдей ұпай жинады. Бірақ Словения сет айырмашылығы бойынша ең жақсы нәтиже көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті былтыр әлем чемпионатында екінші орын алған аустралиялықтар түйіндеді.
Өкінішке қарай, Елена Рыбакинасыз ел құрамасы ойдағыдай нәтиже көрсете алмады. Еліміздің бірінші ракеткасы бел жарақатына байланысты кортқа шықпады. Қазақстандық команда топтың фавориті саналғанымен, Словения жанкүйерлерін таң қалдырды.