Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Денис Евсеев Швециядағы турнирдің ширек финалына шықты

13-қараша күні басталған Danderyd Challenger турнирінің жалпы жүлде қоры 73 мың еуроны құрайды.

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Швецияның Дандерид қаласында Челленджер сериясының бірінші айналымында жұптық сайыста өнер көрсетті. Аталмыш турнир жабық кешенде хард төсенішінде өтіп жатыр.

Аустриялық спортшы Максимилиан Нойхристпен бірге қазақстандық теннисші жергілікті Тони Бладелиус – Карл Фрайберг дуэтімен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер арасындағы ойын тура бір сағатқа созылды. Айта кетейік, қазақстандық теннисші қазіргі таңда жұптық сайыста Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының рейтингінде 540-орында.

Денис пен Максимилиан ертең ¼ финал аясында үндістандықтар
В. С. Прашант — Дж. Недунчежиян жұбына қарсы өнер көрсетеді.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Американың Шампейн қаласында жабық кешенде өткен жекелей турнирде алғашқы кездесуін өткізді. Бейбіт италиялық теннисші Энрико Далла Валлемен кездесіп, екі сетте 6:1, 6:1 есебімен ірі жеңіске жетті. Кездесу бір сағат екі минутқа созылды.

Бұл кездесу америкалық турнирдің 1/16 финалдық кезеңі аясында өтті. Жукаев ойын барысында бес рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, екі қателік жіберді. Сондай-ақ  11 ұпай жинап бес гейм қатарынан жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші қазір кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының әлемдік рейтингінде 195-ші орында, ал италиялық рейтингте 303-ші орында.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz