10-12 қараша аралығында Ереванда самбодан өткен 2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Самбошыларымыздың қоржынында 8 медаль — 1 алтын, 2 күміс және 5 қола бар.
Армения астанасында Халықаралық самбо федерациясының (FIAS) күнтізбесінің басты турнирі – самбодан 2023 жылғы әлем чемпионаты өтті. Карен Демирчян атындағы спорт кешенінде Чемпионаттың спорттық және жекпе-жек санатында 21 салмақ дәрежесі бойынша 65 елден 300-ден астам мықты спортшылар, соның ішінде аты аңызға айналған және атақты самбошылар, бірнеше дүркін әлем чемпиондары бақ сынады. ФИАС атқару комитетінің шешіміне сәйкес Ресей, Беларусь, Франция және босқындар құрамаларының спортшылары нейтралды статуста бақ сынады.
Чемпионат қорытындысы бойынша медальдар есебінде самбодан Қазақстан құрамасы (1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль) Өзбекстан құрамасы (2 алтын, 1 күміс, 3 қола) мен ресейлік спортшыларға (13 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль) ғана есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтады.
Қола медальдар:
Әлмұханбетова Гүлдана (спорттық самбо, 54 келіге дейін);
Абатова Шынар (спорттық самбо, 72 келіге дейін);
Қуатай Арнұр (спорттық самбо, 71 келіге дейін);
Зекенов Әлібек (спорттық самбо, 98 келіге дейін);
Жиентаев Талғат (жауынгерлік самбо, 98 келіден жоғары).
Күміс медальдар:
Бажаева Маргарита (спорттық самбо, 50 келіге дейін);
Қойшыбаев Еламан (спорттық самбо, 88 келіге дейін).
Ал 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Арайлым Абенова Қазақстан үшін тарихи алтынды жеңіп алды. Жарыстың үшінші күні финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Орынбор қаласының өкілі Құсанова Жанарға еш мүмкіндік қалдырмады. Ол самбодан ІІ ТМД ойындарының финалында жеңілгенінің есесін қайтарып, ұлттық құрамаға командалық есепте жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік берді.